Айдын Егеубаевқа қудалау тоқтатылсын!

ҚР Президенті
Н. Ә. Назарбаевқа

ҚР Бас прокуроры
Ж.К.Асановқа

Қазақ елінде 3 жылдан бері, жерді жалға беру, пайдалану мәселелері талқыланып келе жатыр. Көптен бері, бұқаралық ақпарат құралдары осы мәселе туралы сөз қозғап та келеді. Сондай-ақ өткен жылы осыған байланысты  елімізде көптеген бейбіт шерулер өткен болатын. Біздің елдің азаматтары осыған байланысты өз сұрақтары мен  талаптарын қойды да. Сол талап қойған азаматтардың бірі, қоғам белсендісі; Астана қаласының тұрғыны, кәмелетке жетпеген 5 баланың әкесі, «Алаш жолы «Қозғалысы» РҚБ мүшесі Айдын Егеубаев еді. Сыбайлас жемқорлыққа жол берілді деген түрлі сыбыстар халықтың арасында туындағаннан кейін, ол жер мәселесі туралы сұрақтарға жауап алу үшін, мемлекеттік органдарға ресми түрде сауалдар жасаған. Сонымен бірге ол өз алаңдаушылығын білдіріп, әлеуметтік желіде, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және жер комиссиясында өз пікірін айтқан. Бірақ осы жер мәселесіне байланысты туындаған сұрақтарына жауап алудың орнына, Айдын Егеубаевты 2 жылдан бері сотқа беріп қудалауда.

2016 жылы ШҚО әкімі Б. Сапарбаев «ар-намыс пен қадір-қасиетін қорғау» тұралы арыз берген. Сот А. Егеубевқа 100  мың теңге  айып төлеткен. Сондай-ақ  А. Егеубаевтың ШҚО 2010 жылы жер беру туралы  жарияланған ақпараты  дәлелденіп, осыған қатысты тексеру басталып, ҚР АШМнің  жер мүлікті басқару жөніндегі Комитетінің нәтижесі бойынша, ШҚО МАЭС сотының шешімі бойынша 23.11. 2016 жылы №6309-16-00-2/3490, және  03.07. 2017 жылы № 2-2143-17, 91432,5 га ауыл шаруашылығы жерлері заңсыз алынғаны анықталып, мемлекетке қайтарылған.

Осы істен кейін, артынша Шығыс Қазақстанда соя өсіретін ЖШС  «Бәтуа», және оның құрылтайшы Нұрлан Биядилов, А. Егеубаевқа 2 азаматтық  және 2 қылмыстық іс қозғаған.

Жауапкер: Айдын Егеубаев, талапкер: Н.Н. Биялдиловтің  «ар-намысы мен қадір-қасиетіне тиетін жалған ақпарат таратып, абыройы мен беделіне нұқсан келтірген» деп   87 млн теңге материялдық зиян мен және оған қоса миллион теңге моральдық зардап  шығынын талап етуде.

Президент мырза және Бас прокурор!

ҚР Конституциясының 20 бабы  бойынша, «Қазақстан азаматтарының сөз бостандығына кепіл берілген. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез- келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді».

Өз пікірін айтқан Айдын Егеубаев, және осыған жауапты  жер комиссиясының алдында әркімді алаңдатқан сұрақтар мен пікірі үшін, не үшін құдаланып жатқаны бізге түсініксіз.

Неге «Бәтуа» ЖШС  соя өсіру бизнесін қалай жүргізіп отырғаны туралы түсініктеме берудің орнына, және құрылтайшы құжаттары мен жерді жалға бергендері туралы қойылған сұрақтарға жауап берудің орнына  (қоғамда осындай сұрақтардың туындауы заңдылық және өркениетті елде бизнес элита солай жасайды) қоғам белсендісін сот арқылы түрмеге отырғызып, аузын жаппақшы?

Осы айтылып отырған мәселе, қытай инвесторларына деген жергілікті тұрғындардың сенімсіздік пен түрлі қобалжушылықтары мен ашу-ызаларын тудыруда. Сондай-ақ осы мәселенің түбі түрлі конфликтер мен болжап болмайтын зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін.

Бұл жерде Айдын Егеубаевты емес, бизнесті сауатты жүргізе алмайтын және қойылған сұрақтарға өркениетті түрде жауап бере алмайтын, азаматтарды қылмыстық жауапқа тарту керек деп ойлаймыз.

Бүгінгі күнге дейін Айдын Егеубаев өзінің азаматтық позициясы үшін осындай жағдайларға ұшырап отыр. Ол өзінің кәмелетке толмаған 5 баласымен Астана қаласында пәтер жалдап тұрып жатыр және пәтерден қуылу қауіпі де туындап отыр. Міне осындай таусылмайтын сот процесстерінің кесірінен оның тұрақты жұмысы да жоқ.

Сіздерден сұранарымыз осы «Батуа» ЖШС Астана қаласы, Сарыарқа аудандық №2 соты мен Алматы қаласындағы апелляциялық сотына араласып, осы арнайы тапсырыспен қасақана жасалып отырған былықтарды және әділетсіздіктің құрбаны болған Айдын Егеубаевқа араша түсіп, қудалауды тоқтатуларыңызды талап етеміз.

Плюсануть
Поделиться
Отправить
Класснуть

Уже подписали 27

  • Айнура Утегенова, Актау, 11 октября 2018
  • Матчанов Ержан, Алматы, 6 декабря 2017
  • Каналиева Гулжихан Суйеуовна, 4 декабря 2017
  • Камзе Ляззат, Астана, ОСДП, 22 ноября 2017
  • Алишева Рита Қарасайкызы, Костанай, 10 ноября 2017
  • Исманов Курал Сейтханович, Шымкент, Активист, 4 ноября 2017
  • Бекбулатов Калижан Габдуллович, Макинка, 2 ноября 2017
  • Жетписбаев, Алматы, 1 ноября 2017
  • Толыбаев Кайрат, Атырау, 1 ноября 2017
  • Берік Қошқарбай, Алматы, ИП, 1 ноября 2017
  • Кегенбаев Улан, Алматы облысы, Охрана, 31 октября 2017
  • Ерғалиева Гүлжан, Атырау, 31 октября 2017
  • Такупова Қаламкас, Атырау, безработная, 31 октября 2017
  • Кульсарыев, Актау, 31 октября 2017
  • Молышев Бауыржан, Кульсары, ТШО, 29 октября 2017
  • Абдраимова, Астана, 29 октября 2017
  • Кеулимжаева Гаухар Сарсенбаевна, Актау, 28 октября 2017
  • Бидаxметов Амангелды, Балқаш, 28 октября 2017
  • Сыргабаев Файзулла, Кызылорда, 28 октября 2017
  • Шодыров Ергали Еркинбаевич, Уральск, 28 октября 2017
  • Каныбекова Мадина, ВКО, Домохозяйка, 28 октября 2017
  • Ересенова Асель, Алматы, 28 октября 2017
  • Қойлыбаев Мұрат, Ақтөбе, 28 октября 2017
  • Калимагамбетов Мирлан, Алматы, 28 октября 2017
  • Хусаинова Ф.С., Алматы, 28 октября 2017
  • Садыкова Макпал, Кеген, Ип"Аружан, 28 октября 2017
  • Тореғожина Бақытжан, Алматы, ҚҚС "Ар Рух.Хақ", 28 октября 2017
Показать всех