Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
Ж.К. Асанов мырзаға

 

Құрметті Жақып Қажманұлы!

Құқыққорғаушылардың, белсенділердің қауіпсіздік сұрақтары және қорғау Коалициясының жасалған мониторингі бойынша, 2016 жылдың тамыз айынан — 2017 жылдың наурыз айына дейін 454 белсенді, құқыққорғаушы әртүрлі қауып-қатерге, олардың ішінде 6 — шабуылға ұшырағаны белгілі болды.

18.08.2016 ж. азаматтық белсенді Сергей Шутовпен екі жігіт сөйлесуді шешті, баласын Атырау қаласында орналасқан үйіне кіргізіп, және куәгерлерді іздегенше, олар жоқ болды.

23.08.2016 ж. түнде Шымкент қаласының ҚБ «ОСА » белсендісі Руслан Жанпеисов, Mersedes мінген 3 белгіссіз ер адамның шабуылына тап болды. «Көліктің алдыңғы отырғышынан ер адам ұмсынып, менің мопедімді ұстауға талаптанды, менің ойымша, мақсаты оның үстінен құлату болды, сонымен қатар ол мені зорлық-зомбылықпен қорқытты. Ауызша ұрыс керіс кезінде, Mersedes жүргізушісі машинадан секіріп шығып, Русландың мопедін аяғымен «ұрып соқты». Бұл әрекеттің нәтижесі, екі доңғалақты көліктің алдыңғы жағы, құлап қалған. Белсенді болып жатқанын бейнежазбаға түсіре бастағанда, шабуылдаушылар көзден ғайып болды .

12.10.2016 ж. Жастар Ақпараттық Қызметінің директоры, Ирина Мединкова Алматыдағы өзінің үйінің ауласында сағат 20:10 да жас жігіттің шабуылына ұшыраған, ол қатты диск, құжаттар және Атыраудағы ZhasCamp-қа төлейтініне арналған 500 мың теңге сөмкіні қолынан жұлып алып кеткен.

24.10.2016 ж. Макс Боқаев пен Талғат Аянның, айыптау сот процессін бақылап жұрген азаматтық белсенді Ринат Исагалиевке, Атырау қаласындағы өз тұратын үйінің кіреберісте екі ер адам шабуыл жасап, ұрып соққан.

29.12.2016 ж. Өскемен қаласында, кеш уақытта капюшон жамылған белгіссіз адам, адвокат Жанар Балғабаеваның қорғап жатқан К. Султанбековтің құжаттарын иеленіп алуға, талап жасаған.

14.05.2017 ж. Астана қаласына елшілермен кездесуге кетіп бара жатқан журналист Рамазан Есергіповке түнгі сағат 4те Алматы қаласынан Тараз қаласы жақа жұрген пойыз тамбурында, орта бойлы, азиат келбетті, екі ер адам өткір затпен денесіне зақым тигізген (3 соққы). Бір де бір факт сот талқылауының пәні болып шықпаған.

Сонымен, азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 2-бабын және қоғамның жеке тұлғалары, топтары және органдарының құқықтары мен жауапкершілігі туралы Декларациясының 9 бабын (әрі қарай — құқыққорғаушылар тұралы БҰҰ Декларациясы) бұзатын тиімді тергеудің жоқтығын айтамыз.

Құқыққорғаушылар тұралы декларациясының 5-тармағының 9 бабында былай жазылған: «Мемлекет адам құқықтары мен негізгі бостандықтары бұзылған деп санауға жеткілікті болған жағдайларда, тез және әділ тергеу жұмыстарын жүргізіп, немесе оның юрисдикциясына жататын кез келген аумақтарда тергеу жұмыстары жүргізілетінін, толық қамтамасыз етеді».

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» заңына негізденіп, Сізді құқыққорғаушыларға, белсенділерге қарсы жасалған шабуыл фактілері бойынша әрқайсысына прокурорлық әсерін тигізіп, тиімді тергеу жұмыстарына жәрдемдесіп, нәтижесін жұртшылықпен таныстыруға шақырамыз.

 

Қазақстан Республикасы, 10 қазан 2017 жылы.

Қол қою

Плюсануть
Поделиться
Отправить
Класснуть