Ответ зам акима Атырауской области на петицию

Ответ Атырауского акимата на казахском и русском языках на петицию по рыбе Урала:

Ответы в PDF Kaz PDF Rus

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

ӘКІМІНІҢ

ОРЫНБАСАРЫ

ЗАМЕСТИТЕЛЬ

 АКИМА АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ

060010, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77

тел./ факс: 8(7122)  35-50-30

e-mail: [email protected]

060010, г. Атырау, ул. Айтеке би, 77

тел./ факс: 8(7122) 35-50-30

e-mail: [email protected]

Исходящий номер: ҰҚ-1
Отправитель: Акимат Атырауской области
Ф.И.О. отправителя: Наутиев А. И.
Вид: Письмо
Содержание: петицияға қатысты
Дата: 14.01.2019 00:00:00

Ф.Джандосоваға және бастамашыл топқа

Астана қаласы, ….

 

2018 жылғы 25 желтоқсандағы 

№ҰҚ-1608 өтінішке

                                       

Атырау облысының әкімдігі Сіздің Жайық өзенінің балықтарының улануына байланысты петицияны  қарап және зерделеп төмендегіше мәлімдейді.

Атырау қаласы аумағының Жайық өзенінде және өзектерде жаппай балық өлу фактілері 2018 жылдың 2 желтоқсанында басталды. Болған жайдың неден  болғанын анықтау және қажетті ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру мақсатында ведомствоаралық комиссия құрылды.

Тексеру нәтижесінде балық өлімі «Атырау су арнасы» КМК-нің тұсынан ағыс бойымен төменге қарай болғаны анықталды. Ағысқа қарсы  жоғарыға қарай Махамбет, Индер аудандарында ондай фактілер тіркелген жоқ.

Бастапқы кезеңде балық өлу фактісі «Атырау жылу электр орталығы» Акционерлік қоғамының су сору станциясының қабылдау қондырғысы арқылы құйылатын Перетаска өзегінде анықталып, балықтың дене бөліктеріндегі механикалық зақымдар байқалды (құйрықтары, қанаттары, бастары жоқ т.б).

Кейінгі күндері Зарослый өзегінің Жайық өзенімен қосылар сағасында және Перетаска каналында қара балық түрлері (мөңке, табан) көптеп шоғырланғаны анықталды. Өзектің кей жерлерінде су тереңдігі 20 см болғандықтан, балық өлімін болдырмау мақсатында балық шаруашылық субьектілерінің күшімен жиналған тірі балықтар Бухарка өзегімен қосылатын тармағына тасымалданды.

Алғашқы күндерден бастап Атырау облысы Экология департаментінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Атырау қаласы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандарымен Жайық өзенінен үш деңгейлі (жоғары, ортасы және түбінен) су сынамалары алынып, санитариялық-химиялық және бактериологиялық көрсеткіштерге зертханалық сараптамаға жіберілді.

Сондай-ақ, Жайық өзенінен «Атырау су арнасы» МҚК тұсынан, Зарослый өзегінен және Дамбы ауылы маңынан әр балық түрінен (тірі және өлі түрінде)

Қазақстан Республикасы АШМ ВБжҚК «Республикалық ветеринария зертханасы» РМК Атырау облыстық филиалына сынамаға жолданды.

Негізінен балық өлімі 2018 жылдың 2-21 желтоқсан күндері аралығында орын алды, 21 желтоқсаннан кейін балық өлу фактілері анықталған жоқ.

      Сауда орталықтарында сатып жатырған балықтардың сапасын анықтау мақсатында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы мен Атырау қалалық ветеринария бөлімінің қызметкерлері күнделікті бақылау жұмыстарын жүргізуде. Сауда орталықтарында балық шаруашылығы субъектілерімен балық аулау маусымы кезінде ауланып, тоңазытқышта сақтаған балықтарды сату ұйымдастырылуда.

Атырау облыстық  денсаулық сақтау басқармасының  мәліметтері бойынша балық жеумен байланыстыратын науқастар облыста тіркелген жоқ.

Осы кезеңде Жайық өзенінен жиналған өлген балықтардың                  көлемі 4165,3 кг, «Луговской жылқы зауыты» ЖШС-де 11500 дана және «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК-да 172 дана бекіре балықтары болды.

2018 жылдың 28 желтоқсан күні Жайық өзенінің төменгі бөлігінде өлген балықтардың бар жоғын анықтау мақсатында Атырау облысы Төтенше жағдай Департаментінің сүңгуір мамандары су астын зерттеп, су астында өлген балықтар жоқ екенін және судың таза болғанын анықтады.

Жайық өзенінде жиналған өлген балықтар «Надежда-1» ЖШС-нің қоймасында, «Луговской жылқы зауыты» ЖШС-нің өлген бекіре балықтары «Caspian Royal Fish» ЖШС-нің қоймасында және «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК-ң өлген бекіре балықтары «Аманкелді атындағы» ЖШС-нің қоймасында (тоңазытқыштарында) сақталуда, Атырау облысы Полиция Департаментінің бақылауына беріліп, күзет ұйымдастырылған.

Петицияда аталған талаптар бойынша:

1.Жайық өзені мен Перетаска сағасындағы балықтың жаппай қырылу мәселесі туралы толық ақпаратты әкімшілік желісі мен БАҚ-қа шығарылсын;

Балықтардың жаппай өлу фактісі бойынша толық ақпарат Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасының ресми сайтында орналастырылған.

Сонымен қатар, баспасөз маслихатын өткізу, интервью беру және ведомствоаралық комиссия жиналысына қоғам өкілдері, блогерлер мен БАҚ өкілдерін қатыстыру жолдарымен ақпараттар жариялануда.

2.Ауыз су мен өзен суының лабораториялық сараптама нәтижелері, сонымен қатар өлшегіш аспаптардың сезімталдық параметрлері берілсін;

Атырау облысы бойынша экология департаментінің жасаған судың сараптама қорытындылары бойынша Перетаска өзегінен және «Атырау су арнасы» су төгу құрылысы маңынан алынған су сынамасының сараптама нәтижесі хлоридтің рұқсат етілген шекті мөлшерінен артық 550-770 мг/дм3 құрады (шекті мөлшері 350 мг/дм3).

Зарослый өзегі мен Жайық өзенінен (Күрелке шарбағы және Зарослый өзегі мен Жайық өзенінің қосылған жері) алынған су сынамалары қорытындылары хлоридтің рұқсат етілген шекті мөлшерінен 2 есе жоғары екенін көрсетті (РШК 350 мг/дм3 – сараптама нәтижесі 764, 777 және 557 мг/дм3).

3.Орталық ағыс және Каспий арналарының оның тармақтарының, салаларының, айрықтарының сулары тұрақты түрде жүйелі бақылауға алынсын;

Атырау облысы Жайық — Каспий бассейндік инспекциясы мен Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен үнемі бақылануда.

4.Тергеу істері жүргізіліп, экологиялық апатқа соқтыруға себеп болған мекемелер немесе жеке тұлғалар жауапқа тартылсын;

Атырау облысы Полиция Департаменті балықтардың өлу фактісі бойынша (Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 2018 жылдың 4 желтоқсанында №182302031000034 санды нөмерімен тіркелді) ҚР Қылмыстық Кодексінің 336 бабы бойынша тергеу жүргізуде. Тергеу қорытындысы бойынша жаппай балықтардың өлуіне себеп болған мекемелер немесе жеке тұлғалар жауапқа тартылады.

5.Бүгінгі таңда Перетаска ағысын екі ірі кәсіпорын –ЖЭО(ТЭЦ) мен АМӨЗ(АНПЗ) пайдаланғандықтан, үш жерден – Орал жағасына келетін Жоғарғы Перетаска, Төменгі Перетаска және де жылы арна суларына үздіксіз қадағалайтын станциялар орнату керек.  Себебі техникалық судың құйылуына қарамастан, Перетаска ағысы Каспий теңізіне құйылып, Рамсар тізіміндегі Каспий маңы сазды алқаптарының бір бөлігі болып табылады;

Орал жағасына келетін Жоғарғы Перетаска, Төменгі Перетаска және де жылы арна суларына үздіксіз санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізу жолдары қарастырылуда.

6.Перетаска ағысының бір бөлігі АМӨЗ(АНПЗ) санитарлық аймағына кіретінін ескере отырып, санитарлық аймақтың көлемі кері тексеріліп, Перетаска арнасы санитарлық аймақтан шығарылсын;

7.Перетасканың бұрынғы арнасына қайтару мүмкіндігі қарастырылып, оның суын ЖЭО-ның турбиналарын салқындатуға пайдаланбай, өзге экологиялық тиімді тұрғыдан басқа шешімдер қарастырылсын;

6-7 талаптар зерделеніп тиісті жұмыстар жүргізіліп, қосымша баяндалады.

8.Атырау облысының басшылары шұғыл түрде Ресейдің Орынбор аймақ басшылығынан Ириклин су қоймасынан Жайықтың сағаларын шайып шығу үшін суды апаттық ағызуын өтінсін;

Жайық — Каспий бассейндік инспекциясының мәліметіне сәйкес Жайық өзені Ресей Федерациясынан бастау алады және жоғарғы ағысында  Орынбор облысында орналасқан Ириклин су қоймасымен реттеледі. Ортаңғы және төменгі ағысында су қоймалар жоқ.

Ресей Федерациясымен арадағы қарым қатынас 07.09.2007 жылғы «Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану мен қорғау жөніндегі» келісімге сәйкес реттеледі.

Бүгінгі таңда, Ириклин су қоймасы күз-қысқы режимінде жұмыс жасауда, жіберіліп жатқан су шығыны 20 м3/сек құрайды.

Ириклин су қоймасының жұмыс режимі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында қаралады, жұмыс тобының құрамына Орынбор облысының жергілікті атқарушы органдармен және мемлекеттік органдарының өкілдері кіреді. Ириклин су қоймасынан жіберілетін су шығынын көбейту мәселесі ведомствоаралық  жұмыс тобының кезекті отырысына ұсынылып, талқыланатын болады.

Сондай-ақ, 2019 жылдың 4 қаңтарында ҚР Энергетика  вице-министрі С.Нұрлыбайдің төрағалығымен өткен «Жайық өзенінде балық өлу себептерін талқылау» жөніндегі кеңестің №33-06-05-06-31 хаттамасының 2.6 тармағына сәйкес, ҚР АШМ Су ресурстары жөніндегі комитетіне қосымша авариялық су ағызудың орындылығын қарастыру тапсырылды.

  1. 30 жылға жуық өзен түбін тереңдету жұмыстары атқарылмағандығын ескере отырып, ауа райы жылысымен Жайық өзенінің арнасы мен су асты бұрғылау жұмыстарын жүргізуге арналған техникалық мүмкіндіктері бар арнайы мамандар көмегімен тазалансын;

10.Жайық өзенінде өзен түбін тазартуға арналған флотты құру және дамыту перспективалары, балық аулау арналары мен өзен сағалары және салаларын жыл сайын тазарту қарастырылсын.

Облыс бойынша су арнасында балық көлемін ұлғайту, балықтардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету, балық қорын сақтап қалу және балықтардың тіршілік етуіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатында, өзен арналарын тереңдету арқылы мелиорация жұмыстарын жүргізуге облыс әкімдігімен жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Жобаға сәйкес Республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат қаралып, Жайық өзені бойынша жалпы ұзындығы 40,409 километрді құрайтын өзен арналарын тереңдету жұмыстарын жүргізу қарастырылған. Аталған жұмыстар мердігер мекеме «Павлодар өзен порты» акционерлік қоғамымен               2017 жылдың желтоқсан айында бастады, 2020 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Қиғаш өзені бойынша жобаға сәйкес жалпы ұзындығы                 150,7 километрді құрайтын өзен арнасын тереңдету жұмыстары қарастырылған, мердігер мекеме «Павлодар өзен порты» акционерлік қоғамы. Жұмыстар                  2017 жылдың желтоқсан айында басталды, аяқталуы 2019 жылдың ақпан айы.

Сонымен қатар, Жайық пен Қиғаш өзендерінде жобаға енбей қалған аймақтарға жобалық-сметалық құжат жасақталып, жұмыстар жалғасын табатын болады.

Петицияда аталған сұрақтар бойынша:

1.Балықтан аммиак табылғаны туралы ақпарат 12 желтоқсан күні ғана пайда болды. Сараптама жасау қанша күнге созылды? Сараптаманы кім жасады?

ҚР АШМ ВБжКҚ  «Республикалық  ветеринариялық  зертхана» РМК Атырау  облыстық филиалына 2018  жылдың 3 желтоқсан күні өлген және тірі балықтардың сынамалары зерттеуге жіберіліп, алғашқы сараптама  қорытындысы 2018 жылдың 11 желтоқсан күні белгілі болды. Сынама тағам қауіпсіздігі көрсеткіштеріне, яғни органолептикалық, физико-химиялық көрсеткіштерге, ауыр металл тұздарына, пестицидтерге зерттелінді.                  Сараптама  қорытындысына сәйкес физико-химиялық көрсеткіштер ішінен аммиакқа оң нәтиже көрсетті, ал басқа зерттеу жүргізілген көрсеткіштер нормаға сәйкес болды.

2.Өзендегі суға тұрақты бақылау (мониторинг)  жасала  ма? Араға қанша уақыт салынып жасалады? Сараптама нәтижелерін қайдан көруге болады?

Атырау облысы бойынша Экология департаментімен Жайық өзенінен әр тоқсан сайын химиялық талдауға 13-15 нүкте  бойынша судан сынама алынады.       Сараптама нәтижелерін ресми түрде Департаментке хат жолдау арқылы сұратуға болады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Атырау облысы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 2018 жылы (жыл ішінде) жоспарлы санитариялық-химиялық зерттеу кезінде  судан 166 сынама алды. Оның  15 сынамасы  немесе 9%-ы органолептикалық көрсеткіш яғни, хлор қалдығы, түстілігі, лайлылығы болып табылады. Сонымен қатар, зиянды химиялық элементтер анықталған жоқ.

Жайық өзеніне санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг ҚР ДСМ ҚДСК-нің  «Ұлттық сараптама  орталығы»  ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалы мен департаменттің жылдық жоспарына  сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика  министрінің 2016 жылғы 19 шілдедегі №326 «Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ай сайын орнатылған.

Сараптама нәтижелерін ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінен және аумақтық басқармаларынан алуға болады.

3.Әлемдік тәжірибеде су объектілеріндегі балықты улану жөніндегі іс-әрекеттердің стандарттары бар (сілтеме). Бұл жағдайда не істелінді?

Балықтардың улану фактілері белгілі болған кезде «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының     2004 жылғы 9 шілдедегі №593 Заңына және 2018 жылдың 29 қаңтарында Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысымен бекітілген «Балық және өзгеде жануарлардың қырылу қаупі туындаған жағдайда мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен өзара іс-қимыл сызбасы»-на сәйкес жедел іс-әрекеттер жасалып, жұмыстар жүргізіледі.

4.Өзендегі балықтың жаппай қырылуының себептерін зерттеу үшін құрылған Комиссия мүшелігіне қоғам өкілдерінен кім кірді? Бұл комиссия жұмысын қоғамдық бақылауга қалай алуға және қаралып жатқан барлық мәселелерді қайдан білуге болады?

Тұрғындарды жан жақты хабардар ету мақсатында ведомствоаралық комиссия қоғам өкілдері, блогерлер мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен екі рет Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында                      2018 жылдың 14, 29  желтоқсан күндері баспасөз мәслихатын өткізді және комиссия мүшесіндегі сала мамандары 25 интервью берді.

Сонымен қатар, 2018 жылдың 25 желтоқсан күні облыс әкімдігінде өткен кезекті ведомствоаралық комиссия жиналысына қоғам өкілдері, блогерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сол секілді, алға қарай ведомствоаралық комиссия жиналыстарына қоғам өкілдері, блогерлер мен БАҚ өкілдері шақырылатын болады.

Ведомствоаралық комиссия құрамына қоғам өкілі Изтелеуова Шынар енгізілді.

5.Диагностикалық зертханалық базасы мықты Халықаралық комиссия немесе шетелдік сарапшылар, Қазақстан Республикасының басқа қалаларының, Ресейдің сарапшылары қалай және қашан шақырылады?

Атырау облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасы Алматы қаласындағы диагностикалық зертханалық базасы беделді ҚР БҒМ «Биология және биотехнология мәселелері ғылыми зерттеу институты»-ның ғылыми сарапшыларын шақыртып, балық сынамаларын сараптамаға жіберді.

Сондай-ақ, 2019 жылдың 4 қаңтарында ҚР Энергетика  вице-министрі С.Нұрлыбайдің төрағалығымен өткен «Жайық өзенінде балық өлу себептерін талқылау» жөніндегі кеңестің №33-06-05-06-31 хаттамасының 2.4 тармағына сәйкес, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне Жайық өзеніндегі балықтың қырылу себептерін анықтау және ҚР Энергетика министрлігіне нәтижелер туралы тиісті қорытынды беру. Қажет болған жағдайда осы факті бойынша зерттеулер жүргізу үшін халықаралық сарапшыларды тарту мүмкіндігін қарастыру тапсырлды.

6.Балықтардың өліміне және судың ластануына себепкер болуы мүмкін мекемелердің арасында АМӨЗ неліктен жоқ?

Су ресурстарының қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыру Жайық — Каспий бассейндік инспекциясының (әрі қарай – Инспекция) негiзгi мiндетi болып табылады және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілде №481 «Су Кодексі»-не сәйкес мемлекеттiк басқаруды жүргізеді.

Инспекция мәліметіне сәйкес, Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) пайдаланған сарқынды суларын Жайық өзеніне ағызбайтын болғандықтан аталған тізімге енгізілмеді. Аталған мекеме сарқынды суларын булану алқаптарына ағызады.

Алға қарай ведомствоаралық комиссия жұмысы мен тексеру қорытындылары БАҚ-та жарияланатын болады.

Осы берілген жауаппен келіспеген жағдайда заңмен белгіленген тәртіппен шағым келтіруге құқылы екендігіңізді қаперіңізге береміз.

 

Атырау облысы әкімінің орынбасары                                                      Ә.Нәутиев

         

 

Орындаған: А.Сәдібекұлы

Тел: 8 (7122) 27 19 39 

[email protected]

 

 

наверх


АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

ӘКІМІНІҢ

ОРЫНБАСАРЫ

ЗАМЕСТИТЕЛЬ

 АКИМА АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ

   
060010, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77

тел./ факс: 8(7122)  35-50-30

e-mail: [email protected]

060010, г. Атырау, ул. Айтеке би, 77

тел./ факс: 8(7122) 35-50-30

e-mail: [email protected]

_______ № _______________________

_________________________________

 

Ф.Джандосовой и инициативной группе

г.Астана, ….

 

На обращение  №ҰҚ-1608

от 25 декабря 2018г.

                                      

Акимат Атырау области, рассмотрев и изучив Вашу петицию относительно отравления рыбы в реке Урал, сообщает следующее.

Факты массовой гибели рыб в черте города Атырау в  реке Урал и ее протоках были установлены 2 декабря 2018 года. По данному факту для выяснения причин и в целях координации необходимых организационных мероприятий была создана межведомственная комиссия.

В результате проверки установлено, что гибель рыбы имела место вниз по течению в районе водосбросного сооружения  «Атырау су арнасы». Вверх против течения в Махамбетском, Индерском районах таких фактов не зафмксировано.

Первые данные по факту гибели рыбы поступили с протока Перетаска, куда вода поступает через приемочные установки насосной станции Акционерного общества «Атырауская теплоцентраль», при визуальном осмотре рыб были обнаружены механические повреждения частей тела рыбы (отсутсвуют хвосты, плавники, головы и др.).

В следующие дни в устье реки Урал и протока Зарослый и на канале Перетаска обнаружено многочисленное скопление видов  рыб (карась, лещ). Ввиду того, что в некоторых местах каналов глубина воды достигает 20 см, в целях предотвращения гибели рыбы силами субъектов рыбного хозяйства собранная живая рыба была перевезена в устье канала Бухарка.

С первых же дней специалистами управления охраны общественного здоровья по Атырауской области комитета охраны общественного здоровья Министерства здравоохранения Республики Казахстан и Депатамента экологии Атырауской области были взяты трехуровневые пробы (верхний, средний и донный) воды реки Урал  и направлены для проведения лабораторной экспертизы на санитарно-химические и бактериологические показатели.

Кроме того, из реки Урал в черте  ГПК «Атырау су арнасы», из канала Зарослый и в районе села Дамба были взяты образцы рыбы (погибшей и живой), которые были направлены для исследований в Атырауский областной филиал РГП «Республиканская ветеринарная лаборатория» Комитета ветеринарного контроля и надзора МСХ Республики Казахстан.

В обшей сложности,  гибель рыбы имело место быть в период времени                                 с 2 по 21 декабря 2018 года, после 21 декабря фактов гибели рыб не было обнаружено.

      С целью установления качества реализуемой в торговых центрах города рыбы работники Атырауской областной территориальной инспекции и Атырауского городского отдела ветеринарии Комитета ветеринарного контроля и надзора  МСХ РК проводят ежедневные проверки.  В торговых центрах города организована продажа рыбы, выловленная рыбохозяйственными субъектами во время рыболовного сезона, хранящаяся в холодильниках.

По сведениям Атырауского областного управления здравоохранения  заболевания, связанные с употреблением в пищу рыбы, в области не зафиксированы.

За это время объем собранной погибшей рыбы по всей реке Урал составил 4165,3 кг, в ТОО «Луговской конный завод» — 11500 штук и РККП «Жайык-Атырауский осетровый рыбоводный завод» — 172 штуки осетровых рыб.

28 декабря 2018 года с целью установления наличия гиблой рыбы в нижней части реки Урал водолазные специалисты Департамента по чрезвычайным ситуациям Атырауской области произвели подводные исследования, в результате которых установлено, что  под водой гиблой рыбы нет и состав воды оказался чистым.

Вся собранная из реки Урал гиблая рыба  хранится на складе ТОО «Надежда-1», гиблая осетровая рыба ТОО «Луговской конный завод» —  на складе ТОО «Caspian Royal Fish» и гиблая осетровая рыба РККП «Жайык-Атырауский осетровый рыбоводный завод» — на складе (в холодильниках) ТОО «Имени Аманкелди», и передана под наблюдение Департамента полиции Атырауской области, организована охрана.

Относительно требований, указанных в петиции:

  1. Предоставить полную информацию по факту гибели рыбы в реке Урал и протоке Перетаска, разместить на сайтах акимата и в СМИ;

Полная информация по факту массовой гибели рыбы размещена на сайте управления рыбного хозяйства Атырауской области.

Кроме того, информация предоставляется путем проведения пресс-конференций,  интервью и участия представителей общественности, блогеров и представителей СМИ  на собраниях межведомственной комиссии.

2.Предоставить результаты лабораторных исследований питьевой водопроводной  и речной воды, включая параметры чувствительности измерительных приборов;

Согласно заключениям экспертизы воды, проведенной Департаментом экологии  Атырауской области,  по результатам исследований проб воды, взятых из протоки Перетаск и в черте водосбросного сооружения «Атырау су арнасы»,  концентрация хлорида оказалось выше предельно допустимой концентрации и составила  550-770 мг/дм3 (предельная концентрация — 350 мг/дм3).

Согласно заключению проведенных исследований проб воды, взятых на канале Зарослый и реки Урал   (Күрилкино и устье канала Зарослый и реки Урал), концентрация хлорида в 2 раза превышало предельно допустимой концентрации (ПДК — 350 мг/дм3 , а результаты экспертизы  — 764, 777 и 557 мг/дм3).

  1. Проводить регулярный мониторинг всех протоков, притоков, рукавов старицы реки Урал и центрального русла, с полной отчетностью на сайте акимата и в СМИ;

Постоянно контролируется Жайык-Каспийской бассейновой инспекцией Атырауской  области и Управлением природных ресурсов и регулирования природопользования Атырауской области.

  1. Провести объективное расследование и наказать виновников гибели рыбы;

Департаментом полиции Атырауской области по факту гибели рыб проводится расследование по статье 336 Уголовного Кодекса Республики Казахстан (зарегистрирован в ЕРДР 4 декабря 2018 года за №182302031000034 ). По результатам расследования учреждения или физические лица, виновные в массовой гибели рыб, будут привлечены к ответственности.

5.Так как в настоящее время к воде протоков Перетаска имеют доступ два крупных предприятия: ТЭЦ и АНПЗ, установить станции постоянного слежения за составом воды в трех местах Верхней Перетаски, где идет забор из Урала, Теплом канале и Нижней Перетаске, так как несмотря на добавление технической воды проток Перетаска направляется к Каспийскому морю и является частью водно-болотных угодий, внесенных в Рамсарский список;

Рассматриваются пути осуществления непрерывного санитарно-эпидемиологического надзора состава воды Верхней Перетаски, Нижней Перетаски и Теплого канала, направлящаяся к берегу Урала.

  1. Ввиду того, что проток Перетаска частично попадает на территорию санитарной зоны АНПЗ, пересмотреть размеры санитарной зоны и вывести русло Перетаски из санзоны.;
  2. Рассмотреть возможности возвращения Перетаски в прежнее русло и неиспользования ее воды для охлаждения турбин ТЭЦ, активизировав поиск других, экологичных, решений;

Требования 6-7 изучены, проводятся соответствующие работы, будет проинформировано дополнительно.

  1. Немедленно обратиться руководителей Атырауской области к руководству Оренбургской области России с просьбой произвести аварийный сброс воды Ириклинского водохранилища (находится выше по течению) для промывки русла Урала!;

Согласно сведениям Жайық-Каспийской бассейновой инспекции река Урал берет свое начало в Россиской Федерации и выше по течению регулируется Ириклинским водохранилищем, расположенного в Оренбургской области. В среднем и нижнем течениях водохранилищ нет.

Взаимоотношения с Россиской Федерацией регулируются в соответствии соглашением «О совместном пользовании и охране трансграничных водных объектов» от 07.09.2007 года.

В настоящее время Ириклинское водохранилище работает в осенне-зимнем режиме, расход сбрасываемой воды составляет 20 м3/сек.

Режим работы Ириклинского водохранилища будет рассмотрен на заседании межведомственной рабочей группы, в рабочую группу входят представители местных исполнительных органов и государственных органов Оренбургской области.  Задача по увеличению расхода воды, сбрасываемая Ириклинским водохранилищем, предложена для рассмотрения и обсуждения на очередном заседании рабочей группы.

А также, в соответствии с п. 2.6 протокола №33-06-05-06-31 совета по «Обсуждению причин гибели рыб в реке Урал», проведенного 4 января 2019 года под председательством вице-министра Энергетики РК Нурлыбай С.,  Комитету водных ресурсов МСХ РК поручено рассмотреть целесообразность проведения дополнительно аварийного сброса воды.

  1. С наступлением теплого времени года немедленно приступить к очистке русла и дна Урала в черте города, так как дноуглубительные работы не проводились около 30 лет, привлечь профильных специалистов, имеющих необходимые для дноуглубительных работ технические возможности;
  2. Рассмотреть перспективы создания и развития  собственного дноуглубительного речного флота на реке Урал, для ежегодной очистки рыбоходных каналов, протоков и русла реки .

По области с целью создания благоприятных условий для увеличения объемов рыбы в водоемах, обеспечения свободного движения рыб, сохранения запасов рыбы и для обитания рыб путем углубления русла реки  для проведения мелиоративных работ областным акиматом составлена проектно-сметная документация.  В соответствии с проектом из республиканского и местного бюджета рассмотрены финансы, предусмотрено проведение дноуглубительных работ, общая длина которых составляет по реке Урал 40,409 км. Указанные работы уже начаты акционерным обществом «Павлодарский речной порт» в декабре 2017 года, планируется завершить работы в декабре 2020 года.

Также, согласно проекту по реке  Кигач предусмотрены дноуглубительные работы общей протяженностью 150,7 км, подрядное учреждение акционерное общество «Павлодарский речной порт». Работы начаты в декабре 2017 года, завершение – в феврале 2019 года.

Кроме того, будут разработаны проектно-сметные документации по зонам, не вошедшим в проекты по рекам Урал и Кигаш, работы будут продолжены.

По вопросам петиции:

  1. О том, что в рыбе найден аммиак, информация появилась только 12 декабря. Сколько дней длилась экспертиза? Кто проводил экспертизу?

Образцы погибшей и живой рыбы для исследований были направлены в Атырауский областной филиал РГП «Республиканская ветеринарная лаборатория» Комитета ветеринарного контроля и надзора МСХ Республики Казахстан                        3 декабря 2018 года, первые результаты экспертизы стали известны 11 декабря 2018 года. Пробы были исследованы по показателям пищевой безопасности, т.е. по органолептическим, физико-химическим показателям, на соли тяжелых металлов, пестицидов. Согласно заключениям экспертизы по физико-химическим показателям на аммиак результат был положительный, а по другим исследованиям  показатели соответствовали норме.

  1. Производится ли регулярный мониторинг воды в реке? Как часто? Где в открытом доступе публикуются результаты анализов?

Департаментом экологии Атырауской области с реки Урал ежеквартально из 13-15 точек отбираются пробы воды для проведения химического анализа.       Результаты экспертизы можно запросить официально, направив письмо в  Департамент.

Управление  охраны общественного здоровья по Атырауской области комитета охраны общественного здоровья Министерства здравоохранения Республики Казахстан в 2018 году (в течение года) во время плановых санитарно-химических исследований было отобрано 166 проб воды. Из них 15 проб или 9% — органолептические показатели, т.е. остаточный хлор, цветность, мутность. Кроме того, вредные химические элементы не установлены.

Санитарно-эпидемиологический мониторинг реки Урал установлен ежемесячно в соответствии с годовым планом филиала по Атырауской области РГП «Национальный центр экспертизы» КООЗ МЗ РК и Департамента и согласно приказу №326 от 19 июля 2016 года министра Национальной экономики «Об утверждении правил проведения санитарно-эпидемиологического мониторинга».

Результаты экспертизы можно получить в департаменте Охраны общественного здоровья МЗ РК и  территориальных управлениях.

  1. 3. В мировой практике существуют стандарты мероприятий при отравлении рыбы в водоемах (ссылка) . Что сделано в этом случае?

В случае обнаружения факов отравления рыбы в соответствии с законом РК «Об охране, воспроизводстве и пользовании животным миром» №593 от 09 июля 2004 года и «Схемы взаимодействия государственных служащтх при возникновении опасности гибели рыб  других жтвотных», утвержденной приказом руководителя Атырауской областной территориальной инспекции лесного хозяйства и животного мира от 29 января 2018 года, необходимо предпринять оперативные действия, проводить соответствуюшие мероприятия.

  1. Кто из общественности вошел в состав Комиссии по расследованию причин массовой гибели рыбы в реке Урал? Как общественности контролировать работу этой комиссии и быть в курсе всех рассматриваемых вопросов?

С целью всесторонней осведомленности населения межведомственная комиссия с участием представителей общественности, блогеров и представителей СМИ на площадке службы Региональной коммуникаций Атырауской области                14, 29 декабря 2018 года проводила пресс-конференцию, а также члены комиссии – отраслевые специалисты дали 25 интервью.

Кроме того, 25 декабря 2018 года на очередном собрании межведомтсвенной комиссии приняли участие представители общественномти, блогеры и представители СМИ.

Также, и впредь на собрания межведомственной комиссии будут приглашены представители общественномти, блогеры и представители СМИ.

В состав межведомтсвенной комиссии включена представитель обшественности Изтелеуова Шынар.

  1. Как и когда будет проведено привлечение международной комиссии или иностранных экспертов, либо экспертов из других городов Казахстана, России — кто обладает более точной диагностической лабораторной базой?

Следственное управление Департамента полиции Атырауской области, пригласив научных экспертов «Научно-исследовательского института биологии и проблем биотехнологии» МОН РК  авторитетной диагностической лабораторной базы города Алматы, направил на экспертизу образцы рыб.

А также, в соответствии с п.2.4 протокола №33-06-05-06-31  совета «Обсуждение причин гибел рыбы в реке Урал» от 04 января 2019 год под председательством вице-министра Энергетики Нурлыбай С. Комитету ветеринарного контроля и надзора МСХ РК установить причины гибели рыбы в реке Урал и министерству Энергетики РК представить соответствующее заключение по результатам. В случае необходимости для проведения исследований по данному факту рассмотреть возможность привлечения международных экспертов.

  1. Почему АНПЗ не назван в числе предприятий, на которых будет проведена проверка — в числе подозреваемых?

Осуществление государственного управления в области использования и охраны запасов водных ресурсов является основной обязанностью Жайык-Каспийской бассейновой инспекции (далее — Инспекция) и осуществляет государственное управление в соответствии с «Водным кодексом» РК №481 от                09 июля 2003 года.

Согласно сведениям Инспекции, ввиду того, что  Атырауский нефтеперерабатывающий завод (АНПЗ) отработанные сточные воды не сбрасывает в реку Урал данный завод в указанный список не внесен. Указанный завод сточные воды сбрасывает в зоны испарения.

— Работы межведомственной комиссии и заключения проверок в будущем будут опубликованы в СМИ.

В случае несогласия с указанным ответом, Вы вправе обжаловать его в установленном законодательством порядке.

 

 

Заместитель акима                                                                                        

Атырауской области                                                                                        А.Наутиев

 

 

Исполнитель: А.Сәдібекұлы

Тел: 8 (7122) 27 19 39 

[email protected]       

Плюсануть
Поделиться
Отправить
Класснуть