в конце декабря 2018 г. мы отправили петицию по гибели рыбы в Перетаске и Урале, и уже начали получать ответы.
Исходящий номер: | ЖТ-ҰҚ-2225 |
Отправитель: | Акимат Западно-Казахстанской области |
Ф.И.О. отправителя: | Стексов И. В. |
Вид: | Письмо |
Содержание: | Фатима Джандосоваға |
Дата: | 04.01.2019 00:00:00 |
Фатима Джандосоваға
Астана қ…..
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, бастамашыл топтың Жайық өзенінің балықтарының улануына байланысты петициясы бойынша төмендегідей хабарлайды.
Қазіргі уақытта облысымыздағы барлық балық шаруашылығы маңызы бар су айдындары уәкілетті органдардың, аудан және ауылдық округ әкімдіктері, орман және жануарлар дүниесін қорғаудың мемлекеттік мекемелерінің қатаң бақылауында.
2018 жылы мүдделі уәкілетті органдармен облысымыздағы 200-ден астам су айдындары зерттеліп, 170 су айдынында балық қырылу қаупі бар екені анықталды. Осыған орай бекітілмеген балық қырылу қаупі бар су айдындары мен учаскелері тізбесі бекітілді. Бүгінгі уақытта қажеттілігіне байланысты балық ресурстарының жаппай қырылу мен өлуін алдын алу мен болдырмау мақсатында камыстарды дайындау, ойықтар мен майндарды ою бойынша бірлескен шаралар жүргізілуде.
Бекітілген балық шаруашылығы мақсатындағы су айдындарында судағы оттегі деңгейін бақылау бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, табиғат пайдаланушылар мотопомпамен аэрация жүргізу, ойықтар мен майндар ою жұмыстарын жүргізуге міндетті.
2018 жылы 13 желтоқсанда облыс әкімінің бірінші орынбасарының төрағалығымен өткен селекторлық кеңес барысында Орал қаласы мен аудан әкімдіктеріне резервтік су айдандарында балықтың қырылуын алдын алу мен болдырмау мақсатында 2019 жылға арналған іс шаралар жоспарын бекіту тапсырылды.
Облысымызда ай сайын трансшекаралық Жайық, Деркөл, Шаған өзендеріне, сондай-ақ су тасқыны кезінде жылына екі рет шағын өзендерге мониторинг жүргізіледі.
2017 жыл бойынша Жайық өзені орташа ластанған болып саналды. СЛИ (судың ластану индексі) =1,4, су сапасы 3-ші сыныпты. Аммоний тұзы және хлоридтер ШРК (шекті рұқсат етілген концентрация) мөлшерінен сәл асқаны байқалды.
«Қазгидромет» РМК Батыс Қазақстан филиалының мәліметіне сәйкес, ай сайын су сапасына жүргізіліп отыратын тексеру нәтижесінде, 2018 жылдың қараша және желтоқсан айларында су сынамасында ластаушы заттардың индексі 1,8 құрады, бұл судың қалыпты деңгейде ластанғанын білдіреді.
Жайық өзені ағып өтетін Ақжайық, Бөрлі аудандары аумағында су сапасына кері әсер ететін ірі өндіріс орындары, газ және мұнай өндіруші зауыттары жоқ.
Облысымызда Жайық өзенінің ірі су тұтынушылары болып «Жайықжылуқуат»АҚ және «Батыссуарнасы» ЖШС табылады.
«Жайықжылуқуат»АҚ-да пайдаланған су есебін, режимдік бақылау мен зертханалық талдаулар жүргізу үшін ультрадыбыстық автоматты шығын өлшегіш-есептегіш бар. Жинағышқа төгілетін ағын сулар жылуалмасу санатына жатады. «Жайықжылуқуат» АҚ жылуалмасу суларын қабылдап отырған объекті — Жайық-Каспий бассейні Орал өзенінің Салдатская старицасы. Солдатская старицаға су төгінділері уәкілетті органның рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.
Алынатын судың көп бөлігі ауыз су мақсатында пайдалануға «Батыссуарнасы» ЖШС су құбыры желілеріне жіберіледі де қалған бөлігі өз қажеттілікке пайдаланылады. Өз қажеттілікке пайдаланылатын су бөлек химия цехына су даярлауға, жылу желілері суын араластыруға және турбогенератор жүйелерін салқындатуға жіберіледі. Орал өзенінің суы БГТҚ қосалқы жабдығының жұмысында пайдаланылады (жылуалмастырғыштарда).
«Батыссуарнасы» ЖШС-де лотоктардан тұратын фильтрлер арқылы тазаланғаннан кейін су тор арқылы қабылдағыш кварцтық құмнан, цеолит пен ірідисперсті және коллоидтық бөлшектерден тұратын тұндырғыш-құдыққа келіп түседі.
Тұндырғыш-құдықта тұнба деңгейі бақыланып отырып, тазаланады. Әрі қарай шартты-таза су диаметрі 500 мм екі асбестцементтік құбыр арқылы және диаметрі 800 мм темірбетон құбыр желісі арқылы Жайық өзеніне құйылып отырады.
2017-2018 жылдары Орал қаласында трансшекаралық Жайық өзенінің экожүйесін сақтауға бағытталған 2 кеңейтілген отырыс ұйымдастырылды. Отырысқа Орынбор, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының басшылары, ҚР Парламенті мен РФ Мемлекеттік Думасы депутаттары, шетелдік ғалымдар, ЕҚЫҰ мен БҰҰДБ өкілдері қатысты.
Жыл сайын Жайық күніне орайластырып су айдындарының жағалауларында «Таза жағалау» облыстық экологиялық акциясы өткізіліп отырады. 2018 жылы акцияға 18650 адам қатысып, 360 техника жұмылдырылып, 968 тонна қоқыс шығарылса, Орал қаласы бойынша 530 адам қатысып, 6 техника жұмылдырылды және 38 тонна шамасында қоқыс шығарылды. Акцияның мақсаты облыстағы су айдындардың жағдайын жақсарту, оларға жауапкершілікпен қарау және туған өлкенің табиғатын аялауға тәрбиелеу болып табылады. Акция облыс тұрғындарының арасында экологиялық мәдениеттілікті арттыруға көмектеседі.
Акция аясында Жайық өзенінің жағасымен қатар, аудандардағы Кіші және Үлкен Өзен, Шаған, Деркөл, Елек, Утва өзендері мен Шалқар, Еділсор, Рыбный Сокрыл көлдерінің жағалаулары тазаланды.
Жайық өзені түбін тазалау мен тереңдету жұмыстарын жүргізу «Тазабұлақ» АҚБ сияқты қоғамдық бірлестіктермен талқыланып, алдын ала зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі тапсырылды.
Сонымен қатар, республикалық қаражат есебінен «Қазақстан су жолдары» РМК Орал филиалымен БҚО Зелеенов ауданының Рубежка ауылынан Индер ауылына дейін Жайық өзенінің түбін тазалау және тереңдету жұмыстарын жүргізіп келеді.
2015 жылы түбін тереңдету жұмыстарына 62,85 млн.теңге бөлініп 240 мың текше метр, ал 2016 жылы 79,65 млн.теңгеге 240 мың текше метр қоқыс-қалдықдар тазаланды. Өзеннің түбін тазалау жұмыстарына 2015 жылы 40,45 млн. теңге бөлініп өзен түбінен 5200 т, ал 2016 жылы осы мақсатқа 47,13 млн.теңге жұмсалып 5200 т лай-тұнба шығарылды. 2017-2018 жылдары түбін тереңдету жұмыстары 180 км-ге жүргізіліп, 240 мың текше метрді құрады, түбін тазалау жұмыстары 5200 т құрады.
Облысымыздың бұқаралық ақпарат құралдарында Жайық өзенінің экожүйесін сақтауға арналған мәліметтер жарық көруде.
Қазіргі уақытта балық ресурстарының жаппай қырылуын болдырмау мақсатында облысымыздағы су айдындарында қажетті шаралар жүргізілуде, жағдай бақылауға алынған.
Бүгінгі күні облысымыздың су айдындарында жағдай қалыпты, балықтың қырылуы байқалмауда.
Аталған шешіммен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 12-бабына сәйкес шағым жасауға құқылысыз.
И. Стексов
А. Дәулетжанов
Қ. Төлепов
8 (7112) 511057
Фатиме Джандосовой
г.Астана, …
Акимат Западно-Казахстанской области на петицию инициативной группы по отравлению фауны реки Урал сообщает следующее.
На сегодняшний день, рыбохозяйственные водоемы области находятся под постоянным контролем уполномоченных органов, акиматов районов, сельских округов и государственных учреждений по охране лесов и животного мира.
В 2018 году заинтересованными уполномоченными органами было обследовано более двухсот водоемов области, из них 170 признаны замороопасными. В связи с чем утвержден перечень резервных замороопасных рыбохозяйственных водоемов и участков. Уже сегодня по необходимости на отдельных участках проводится слаженная работа, направленная на профилактику и предотвращение возможных заморных явлений и гибели рыбных ресурсов на водоемах путем бурения лунок и установки в них снопов, изготовленных из камыша, а также прорубки майн.
На закрепленных рыбохозяйственных водоемах природопользователи также активно ведут наблюдение за состоянием кислорода в воде. Кроме этого, они должны проводить работы по аэрации мотопомпами, прорубку майн и лунок во льду.
В ходе селекторного совещания от 13 декабря 2018 года под председательством первого заместителя акима области акиматам г.Уральск и районов поручено утвердить планы мероприятий на 2019 год по предотвращению гибели в резервных водоемах.
Кроме того, в области ежемесячно проводится мониторинг рек Урал, Деркул, Чаган, а также два раза в год в паводковое время в малых реках.
В 2017 году состояние реки Урал характеризовалось как умеренно-загрязненное. ИЗВ (индекс загрязненности воды) = 1,4, вода 3 класса качества. Наблюдались незначительные превышения ПДК (предельно допустимая концентрация) по аммонию солевому, хлоридам.
По итогам ежемесячных испытаний качества воды, проведенные Западно-Казахстанским филиалом РГП «Казгидромет» показало, что в ноябре и декабре 2018 года индекс загрязняющих веществ составил 1,8, что характеризует умеренный уровень загрязнения воды.
На территории Бурлинского, Акжаиского районов в бассейне реки Урал отсутствуют крупные предприятия, газо- и нефтиперерабатывающих заводы, оказывающие негативное воздействие на качеству воды реки Урал.
В области крупными водопотребителями реки Урал являются – АО «Жайыктеплоэнерго» и ТОО «Батыссуарнасы».
В АО «Жайыктеплоэнерго» для учета использования вод, режимных наблюдений и лабораторных анализов имеется автомотический расходомер-счетчик ультразвуковой. Сбрасываемые в накопитель сточные воды относятся к категории теплообменных. Водным объектом, принимающим теплообменные воды АО «Жайыктеплоэнерго», является Солдатская старица реки Урал. Сброс осуществляется на основании разрешения выданного уполномоченным органом.
Большая часть забираемой воды направляется в водопроводные сети ТОО «Батыссуарнасы» на питьевые цели, остальная на собственные нужды. Вода, подаваемая на собственные нужды, направляется раздельно в химцех по подготовке воды, на подпитку тепловых сетей г.Уральск и на охлаждение систем турбогенераторов. Уральная вода также используется для работы вспомогательного оборудования ПГТУ (теплообменников).
В ТОО «Батыссуарнасы» вода, после промывки скорых фильтров по лоткам, находящихся в фильтровальном зале, через решетку поступает в приемный колодец отстойник, предназначенный для сбора осадка состоящего из фильтрующей загрузки, кварцевого песка, цеолита и других грубодисперсных взвешенных и коллоидных частиц.
В колодце-отстойнике ведется контроль за уровнем осадка и проводится периодическая его очистка. Далее условно-чистые воды по двум асбестоцементным трубам диаметром 500 мм, а затем по железобетонному трубопроводу диаметром 800 мм поступает в реку Урал.
В 2017-2018 гг. в г.Уральск проведено 2 расширенных заседаний по вопросам сохранения экосистемы трансграничной реки Урал с участием глав Оренбурской, Атырауской и Западно-Казахстанской областей, депутатов Парламента РК и Государственной Думы РФ, ученых зарубежных стран, представителей ОБСЕ и ПРООН.
Ежегодно провдится областная экологическая акция «Чистые берега», приуроченная ко Дню Урала. В 2018 году акции на территории области приняли участие около 18650 человек, задействовано 360 единицы техники, вывезено 968 тонн мусора, в том числе по городу Уральск приняло участие 530 человек, задействовано 6 единиц техники, вывезено 38 тонн мусора. Целью акции является улучшение состояния водоемов нашей области, воспитание чувства ответственности и бережного отношения к природе родного края. Она призвана воспитать в людях экологическую культуру.
В рамках акции очищены от бытового и прочего мусора не только прибрежные зоны реки Урал, но и водные объекты районов области, такие как реки Большой и Малый Узень, Чаган, Деркул, Илек, Утва, озера Шалкар, Едильсор, Рыбный Сокрыл и другие водоемы.
Касательно проведения дноуглубительных и дноочистительных работ на реке Урал проведены обсуждения с общественными организациями как РОО «Тазабұлақ», и поручены проведения предварительных проектных изысканий.
Кроме того, силами Уральским филиалом РГП «Қазақстан су жолдары» проводятся дноочистительные и дноуглубительные работы реки Урал от с.Рубежка Зеленовского района Западно-Казахстанской области до с.Индер Атырауской области за счет республиканского бюджета.
Так в 2015 году было выделено из республиканского бюджета на дноуглубительные работы 62,85 млн. тенге и очищено дно реки от ила, наносов и других предметов в объеме 240 тыс.куб.метров. На дноочистительные работы было выделено 40,45 млн.тенге и очищено дно реки от карчей, топляков, деревьев и других предметов в объеме 5200 тонн.
В 2016 году были проведены дноуглубительные работы в объеме 240 тыс.куб.метров на сумму 79,65 млн.тенге, а на дноочистительные работы в объеме 5200 тонн на сумму 47,13 млн.тенге. В 2017-2018 году были проведены дноуглубительные работы на расстоянии 180 км, объем составляет 240 тыс.куб. м., дноочистительные работы с объемом 5200 тонн.
В средствах массовой информации публикуются материалы о сохранении экосистемы бассейна реки Урал.
На сегодняшний день в целях не допущения замора и гибели рыбных ресурсов на водоемах области выполняется определенная работа, в связи с чем ситуация находится под контролем.
На данный момент обстановка на водоемах области благополучная, заморов и гибели рыбы не наблюдается.
В случае несогласия с решением государственного органа по Вашему обращению, Вы можете обжаловать его в судебном порядке в соответствии со статьей 12 Закона Республики Казахстан «О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц».
И. Стексов