Қазақстан Республикасының Президенті, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Ә.Назарбаевқа
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры К.П.Қожамжаровқа
Қазақстан Республикасының халқынан
(қойылған колдары, аты-жөні, тегі және мекен-жайлары мен телефон нөмірлері үндеудің төменгі жағында көрсетілген)
Ү Н Д Е У
Адвокат Бауыржан Әскербекұлы Азановтың 2018 жылдың 14 наурыздағы Facebook әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында орналастырылған мәліметке сәйкес, ол Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Абай кентінде тұратын кішкентай балаға көмектесуге бел буған болатын. Баланың айтуы бойынша, мектептегі жоғары сынып оқушылары тарапынан ұзақ уақыт бойы оған нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық әрекеттері көрсетілген.
Адвокат Бауыржан Азанов осы балаға шынайы пейілімен көмектесуді ұйғарып, хабарды естіген бойы, сол түні өз қаражаты есебінен Оңтүстік Қазақстан облысына ұшақпен ұшып келеді. Сонымен бірге, адвокат Бауыржан Азанов ешкімнен ақша сұрамай, зардап шеккен баланың мүддесін тегін қорғай білді.
Сәуір айында адвокат Б.Азановқа белгілі тұлғалар баланың анасын адвокат Б.Азановтан оқшаулап, алдын-ала және жүйелі түрде түсіндіру арқылы қарсы қоя білді. Осындай «өңдеуден» кейін жәбірленуші баланың анасы адвокатпен байланысқа шығуын тоқтатты.
Қылмыстық процеске қатысушы емес және осы даулы іске ешқандай қатысы жоқ әртүрлі тұлғалар әлеуметтік желілерде, соның ішінде Facebook желісінде, Б.Азанов туралы теріс сипаттағы ақпараттарды үнемі ұсынып отырды. Бұл жалған ақпараттарды теріске шығару мақсатында Азанов даулы іс бойынша тегін жұмыс жасағандығын және іске қатысудан босатылғандығы туралы ресми түрде ешқандай құжаттар алмағандығын жазды.
2018 жылдың 23 шілдесінде қоғам белсенділері адвокат Бауыржан Азановқа ҚР Бас прокуратурасының қызметкерлері ҚР ҚК 274 бабы 2 бөлігі 3 тармағымен (көрінеу жалған ақпарат тарату) қылмыстық іс қозғалғандығы туралы білді. Бұл рухани тұрғыдан ешқандай нормаларға жатпайтындығы және адвокат Бауыржан Азановқа қарсы қылмыстық іс қозғауды ұйымдастырған тұлғалардың ар-ұятына жүктеледі.
Бұл қылмыстық істе тек бір ғана мақсатты, яғни– Оңтүстік Қазақстан облысындағы 7 жасар балаға зорлық-зомбылық көрсеткен күдіктілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздеген адвокатты қудалауды ұйымдастырған тұлғалар өз іс-әрекеттерімен халықтың және бүкіл әлем алдында биліктің және басқару органдарының беделін төмен түсіріп отыр.
Керісінше, адвокат Азанов тергеу құпиясын сақтай отырып, қоғамның назарына қылмыстық іс бойынша бірнеше сот сараптамасының жүргізіліп жатқандығын және өзі туралы әлеуметтік желілерде әлдебір мүдделі тұлғалардың оның беделін төмендету үшін, адвокаттық қызметін тұрақсыздандыру мақсатында, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратып жүргендігі туралы ақпарат берген.
Осы кезде, кішкентай балаға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткен кінәлі тұлғаларға қатысты қылмыстық істің қысқартылуы мүмкін деген пікірді Қазақстанда ешкім білдіре алмай ма?
Сонымен қатар, Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, өзіңіз 1 маусым 2018 жылы бұл нақты қылмыстық іс туралы былай дедіңіз: «Барлық жерде тізбектеліп туыстар отыр. Іспен айналысатын полицияда — туысқандар, жоғары тұрған органдарда – туыстар, одан да жоғары органдарда да туыстар және барлық әрекеттер осы істі жабуға бағытталған. Мұндай болуы тиіс емес!»
Адвокат Азанов құқық қорғау органдарынан бір ғана істі, яғни кінәлі тұлғалардың жауапкершілікке тартылуына қол жеткізгісі келді, барын салды. Бірақ, адвокаттың өзін көрінеу жалған ақпарат таратты, деген немесе қандай да бір басқа айыппен қылмыстық іске тартуы мемлекеттік биліктің, басқару органдарының беделін қоғамның және халықаралық қоғамдастықтың алдында түсіріп, халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімсіздігін тудырды.
Адвокат Бауыржан Азановқа қатысты істі СДТБТ-ге 23 мамыр 2018 жылы тіркеген қызметкерлер мемлекеттік биліктің беделіне нұқсан келтірген іс-әрекеттері үшін қатаң жазалануы тиіс.
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Қазақстанның халқы Сізден, зардап шеккен жас баланың мүддесін қорғауды қолға алып, өз жұмысы үшін бір тиын да алмаған, алайда сол үшін кінәлі болған жаны таза жалғыз адвокаттың Бауыржан Азановтың тағдырына белсенді түрде араласып, оны қамқорлығыңызға алып, қолдау көрсетуіңізді сұрайды!