Азаматтық қоғам Коалициясының пандемияға байланысты Қазақстан билігіне қоятын ұсыныстары мен талаптары

Азаматтық қоғам Коалициясының
пандемияға байланысты Қазақстан билігіне қоятын ұсыныстары мен талаптары

Биылғы 13 наурыздан бері қабылданған іс-шаралардың күткендегідей нәтиже бермегенін, үкімет пен денсаулық сақтау жүйесінің пандемия алдында дәрменсіз болғанын ашық мойындау керек.

Халыққа жергілікі жерлердің жағдайы туралы күнделікті ақпарат беріп тұру керек.

Үкіметтің іс-шаралар жоспарының орындалуы, денсаулық сақтау министрлігі мен барлық деңгейдегі әкімдіктердің пандемияның қайта өршуіне қарсы іс-шаралары туралы халықты үнемі және үзбей құлақтандырып отыру маңызды.

 

Біз, Азаматтық қоғам өкілдері, пандемия кезінде атқарушы биліктің іс-шараларын, қимыл-әрекетін бақылайтын және тергейтін құзыры бар Парламент Мәжілісімен біріккен қоғамдық комиссия құруды талап етеміз.

Халықтың үкімет пен оның іс-шараларына деген сенімін қайта орнату үшін міндетті түрде орындалуға тиісті төменгідей іс-шараларды ұсынамыз:

  • Ел азаматтарына Ұлттық қордан бөлінген 19 миллиард доллар қаражаттың нақты қайда және қалай жұмсалғаны туралы есеп берілсін. Халық арасында кең тараған алып-қашпа әңгімелерді жоққа шығару мақсатында аталған қаражаттың пандемияға қарсы күреске жұмсалғанын, мемлекет қаражатын 2020 жылдың Наурыз-Шілде айларында нақты қайда және қалай жұмсалғанын жариялауды талап етеміз.
  • Біз, мемлекеттің барлық қаражаты, мейлі ол Самұрық ұлттық әл-ауқат қорында болсын, Тұңғыш Президент Қорында, мемлекеттің үлесі бар кез-келген отандық не шетелдік банктің депозиттерінде болсын, барлығы түгел қазіргі президенттің қолына өтуін талап етеміз және елдегі Төтенше жағдай кезінде үкіметтің іс-әрекетін қадағалайтын қоғамдық комиссия құру арқылы қосымша бақылау орнату қажет деп санаймыз.
  • Қалыптасқан ахуалды толық қадағалауға алу үшін белгіленген екі апталық мерзімнің жеткіліксіз болатынын мойындау керек. Бұл мерзімнің науқастарды қабылдап, емдеуге емханаларды дайындап үлгермейтінін Үкімет сезуге міндетті.
  • Барлық мемлекеттік қаражат науқастар мен дәрігерлерге барлық қажетін, оның ішінде қорғаныс комплектерін, жасанды тыныс алу не желдеткіш аппараттарын сатып алуға жұмсалуы керек.
  • Елде науқастарға дәрігерлік көмек көрсететін қандай құрал-сайманның барлығын ашық жариялау, сондай-ақ азаматтарды тестілеу мүмкіндігі, адам ағзасында вирустың бар-жоғын анықтайтын немесе симптомсыз науқасты емдеудің мүмкіндігі бар-жоғын ашық жариялау өте маңызды деп санаймыз.
  • Күздің қара суығына дейін және инфекцияның маусымдық ушығуына сақадай сай болу үшін Covid-19-ды анықтайтын тестілердің қажетті санын дәл есептеу.
  • Медициналық көмек жүйесін қазіргідей қыспаққа тіремей, келіп жатқан барлық науқасты емдеу үшін қай қалада төсек-орны мен құрал-жабдығы және персоналы бар қанша емхана ашылатынын халыққа дер кезінде хабарлап отыру.
  • Қазіргі кезде азаматтарға дәрігерлік көмек көрсету үшін ұсыныс бойынша қолданылатын емдеу хаттамалары мен құралдарын жариялап отыруды талап етеміз.
  • Жергілікті жерлердегі жұмысты үйлестіру үшін облыстар мен ірі қалаларға денсаулық сақтау министрлігінің жауапты қызметкерлерін аттандыру қажет.
  • Медициналық көмек шараларына барлық медицина институтының жоғары курс студенттерін тарту.
  • Соңғы 2-4 жылда зейнетке шыққан медицина қызметкерлерін ел азаматтарының өмірі үшін күреске шақыру.
  • Барлық қажетті нәрсені және емдеу хаттамасы бойынша қабылданатын дәрі-дәрімекті жеткілікті мөлшерде сатып алу керек екенін және олардың дәрі-дәрмек нарығында жеткілікті екенін азаматтарға күнделікті хабарлап отыру.
  • Үкімет балалы отбасыларға арналған тестілердің тегін берілуін қамтамасыз етуге міндетті.
  • Бірінші кезекте тестілеуге пандемиямен күрескен дәрігерлер, әскери қызметкерлер, шекара әскері мен полиция, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі қызметкерлері жататынын нақты анықтау. Оған қоса жасы үлкен кісілер мен денсаулығы нашар азаматтарды тестілеумен қамтамсыз ету.
    Бетперде киіп жүруді баршаға бірдей міндеттеу.
  • Сыртқы істер министрлігіне Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань және тағы басқа елдерден коронавирусқа қарсы күреске көмек сұрау тапсырылсын, атап айтқанда – біздің мамандарымызға әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсететін мамандарын жіберуді сұрау.
  • Пандемиямен және оның салдарымен күресуге барлық қаржы-қаражатты жұмылдыру үшін бұрын жоспарланған мерейтойлық іс-шаралардың барлығынан бас тарту керек.
  • Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ЭКСПО-ға қатысудан бас тарту.
  • Алдағы екі жыл бойы биліктің барлық деңгейдегі атқарушы және өкілетті мекемелерінің автокөлік сатып алуын тоқтату.
  • Ұлттық компаниялар басшыларының еңбекақы жүйесін қайта қарау, оларға, оның ішінде өзге басқару мекемелері мен президент әкімшілігі де бар, әр түрлі бонус пен басқа да төлемдерді аудару мен төлеуді тоқтату.
  • Екінші деңгейдегі банктердің бұрын берген несиелерін өтемегені үшін салынған айыппұлдар мен қосымша төлемдерді төлетуді тоқтату туралы шешім қабылдау, қажет болса арнайы Заң да қабылдау.
  • Пандемиямен күрес ұзаққа созылу мүмкіндігін ескере отырып, жұмыссыз қалған және өзге табыс көздерінен айрылған азаматтарға материалдық көмек көрсетуге қажетті қаражатты анықтап, қор жасау.
  • Медициналық қызмет көрсету барысында жемқорлыққа немесе жауапсыздыққа жол берілген жағдайда және дәрі-дәрмек бағасын тым көтерген немесе жетіспеушілік болғанда, халықпен байланыс болу үшін Бас прокуратураны орталықтандырылған көпарналы Сенім телефонын ұйымдастыруға міндеттеу.
  • Азаматтық қоғам Коалициясы Президент пен Парламент соңғы 25 жылдан бері шетелге капитал шығарған азаматтарға заң жүзінде қаражат рақымшылық жариялауға қазірден бастап дайындалғанын талап етеді.

 

Азаматтық қоғам Коалициясы, 4 Шілде 2020


Координационный Совет Коалиции гражданского общества (КГО)
Предложения и требования к руководству страны в связи с пандемией

Необходимо признать, что меры, принятые в период после 13 Марта текущего года ожидаемых результатов не дали, страна и ее система здравоохранения не подготовились к пандемии на должном уровне.

Настало время обеспечить ежедневное информирование граждан страны о ситуации в целом и в разрезе территорий.

Ежедневное информирование общества об исполнении плана действий правительства, министерства здравоохранения и акиматов всех уровней в связи с новым всплеском эпидемии.

Мы требуем создания совместной с Парламентом Казахстана и гражданским обществом комиссии, наделенной полномочиями для расследования действии и предпринятых мер, исполнительной власти в период пандемии.

Чтобы не повторить ошибки и вернуть доверие граждан к принимаемым мерам, считаем необходимым сделать следующее:

  • Доложить гражданам страны на что именно были потрачены 19 млрд долларов государственных средств, о которых так много спекуляций в обществе. Или же аргументированно опровергнуть, что называемые суммы были потрачены на борьбу с коронавирусом.
    В связи с этим мы требуем опубликовать, на что именно тратились государственные средства в период с Марта по Июль 2020 года.
  • Мы настаиваем на том, что абсолютно все средства государства будь то ФНБ САМРУК, Фонд Первого президента, Наличные в депозитах любых отечественных и зарубежных банках компаний с участием государства должны быть аккумулированы в руках действующего президента страны и обеспечены дополнительно общественным контролем путем создания общественных комиссий по контролю за действиями правительства в период особого положения в стране.
  • Все государственные средства должны быть направлены на приобретение для населения и врачам средств, включая защитные комплекты, аппараты искусственного дыхания или вентиляции. Объявить наличие имеющихся в стране средств медицинской поддержки больных, а также реальное положение о возможности тестирования граждан на наличие вируса в организме или возможном выздоровлении без симптомов.
  • Необходимо признать, что двух недель, объявленных как необходимых для реализации мер по обеспечению контроля над ситуацией, будет недостаточно.
  • Правительство должно осознавать, что этого времени недостаточно для подготовки клиник для приема больных и их лечения.
  • Необходимо точно рассчитать количество тестов на коронавирус, с тем, чтобы быть абсолютно готовыми к новой волне эпидемии в связи с наступлением осенних холодов и сезонных вспышек инфекции.
  • Необходимо объявить населению, в каких городах и каким образом решается открытие критически необходимого количества коек и оборудования и персонала для лечения всех поступающих больных, не допустив при этом коллапса системы медицинской помощи.
  • Требуем объявить рекомендованные протоколы и средства, применяемые в настоящий момент для оказания помощи гражданам.
  • Для обеспечения обратной связи с народом при случаях коррупции или безответственности при предоставлении медицинских услуг, а также при необоснованном завышении цен или дефиците лекарственных средств, Генеральная прокуратура должна организовать централизованный многоканальный круглосуточный Телефон Доверия.
  • Ежедневно информировать граждан о мерах по приобретению всех необходимых и принятых по протоколу лечения медицинских препаратов в достаточном количестве и доступности их на рынке медикаментов в достаточном количестве.
  • Направить в области и крупные города ответственных работников министерства здравоохранения  для координации работы на местах.
  • Привлечь к мерам медицинской помощи всех студентов старших курсов мединститутов страны.
  • Необходимо пригласить на работу медработников, ушедших на пенсию в последние 2-4 года, для их участия в борьбе за жизни граждан страны.
  • Правительство должно позаботиться о том, чтобы тесты для семей с детьми были доступны бесплатно. Необходимо определить, что в первую очередь тесты будут проведены среди работников, связанных с обеспечением лечения больных, военнослужащих армии, пограничных войск и офицеры полиции, среди работников органов социального обеспечения. Кроме этого должны быть обеспечены тестами граждане, находящиеся в группе риска по возрасту или состоянию здоровья.
  • Поручить МИД обратиться за помощью к правительствам Японии, Южной Кореи, Тайваня, и других государств за помощью в борьбе с коронавирусом, а именно с просьбой прислать специалистов для оказания методической и организационной помощи нашим специалистам.
  • С целью аккумуляции всех средств для борьбы с пандемией и ее последствиями для экономики, прекратить все запланированные ранее юбилейные мероприятия.
  • Отменить участие в ЭКСПО в ОАЭ.
  • Прекратить приобретение в ближайшие два года транспорта для органов исполнительной и представительной власти всех уровней.
  • Пересмотреть систему оплаты руководящих работников в национальных компаниях, прекратить начисление и выплату всевозможных бонусов и прочих выплат включая органы управления и АП.
  • Принять решение, при необходимости принять закон и остановить начисление пени и штрафов на выданные ранее кредиты банками второго уровня.
  • Определить и зарезервировать средства необходимые для оказания материальной помощи гражданам, оказавшихся без работы и других возможных источников доходов, имея ввиду, что сроки борьбы с пандемией могут оказаться более длительными.
  • КГО настаивает, чтобы Президент и Парламент страны начали подготовку и работу по тому, чтобы законодательно объявить финансовую амнистию для тех, кто в последние 25 лет вывез из страны капиталы.

Коалиция Гражданского общества Казахстана,   4 июля 2020 года


 

Если вы поддерживаете наши требования, подпишите ниже!

Наша группа в ФБ: https://www.facebook.com/groups/2723110537811890

Плюсануть
Поделиться
Отправить
Класснуть

Уже подписали 10

  • ережепова алия, almaty, wwww, 10 августа 2020
  • Жанар Джандосова, Центр Сандж, 19 июля 2020
  • Абилькасимов Даулет, Алматы, Медиатор, 17 июля 2020
  • Иса Ботагөз, Женева, ЕuroKazakForum, 16 июля 2020
  • Альжанова Аида, Алматы, ОФ ADAM DAMU, 11 июля 2020
  • БАЛҚЫБАЕВ МЫРЗААХМЕД, ТАРАЗ, ЖҰМЫСТА ЖОҚПЫН, 11 июля 2020
  • Кашкимбаев Жандос, Zürich, Информагентство «Voice of Kazakhstan», 10 июля 2020
  • Тажкенова Шаттык, Атырау, 10 июля 2020
  • Мухамеджан Талгат, Алматы, Байқаушылар партиясы, 10 июля 2020
  • Fatima Jandossova, Almaty, KGO, 10 июля 2020