Анель Пимичева
Туылған күні 04.05.2003
М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектеп
Қостанай қаласы, [email protected]
Қазіргі құқық бұзушылық жиі кездесіп тұратын заманда, ең керекті адам құқық қорғаушы. Бірақ оны әр адам түсіне бермегендіктен, осы тақырыпты кіргізу керек.
Біздің қоғамымызда күнделікті өз құқығын білмей, қателіктер жасайтын адамдар саны көп. Иә, әрине, бұл себеппен ешкімді айыптауға болмайды, сондықтан, құқық қорғаушы-осы мәселелердің шиеленіспеуіне көмек беретің бірден-бір адам деп айтуға болады. Меніңше, заңсыздық мәселесін шешу үшін әр адамның ішінде мен патриотпын деген ұғым болуы керек. Сол кезден бастап адам да өзін ғана ойламай, сонымен қатар, елінің де мүддесін ойлайды. «Әр адам қайталанбас тұлға»- демекші, әрбір адамдардың өз қызметі мен құқығы болады.
Сондықтан сұхбат мәселесіне келген кезекте мен ұсынылған кісілердің ішінен ешкімді таңдамауым да сол себеп болды. Жалпы айтқанда, олардың әрқайсысының өз өмір жолы мен қоғамдағы орны бар.
Мысалы, Евгений Жовтис- Құқық қорғаушы ғана емес, сонымен қатар Заңгер және публицист.
Галым Агелеуов- ол да құқық қорғаушы болып шектелмей, «Либерти» жобасы негізінде интернеттегі сөз бостандығы үшін күресуші адам.
Амангельды Шорманаев пен Зауреш Балалова-«Адамдарды баспанамен қамту» тақырыбы негізінде жүргізілген жобаға қатысушы құқық қорғаушылар.
Анар Ибраева- «Қазақстан Республикасының құқығы қорғаушылар мен белсенділер көмегімен адам құқығын әділ мәлімдеу» жобасын жүзеге асырушы бірден бір адам болса,
Жанболат Мамай «Саяси калам. Трибуна» газетінде бас редактор болып жұмыс атқарады.
Қорытындылай келе, біз белгілі бір әлеуметтік ортада өмір сүргендіктен, бізге тәртіпті орнататын заңдар мен нормалар керек. Ал ол зандарға жүгіну үшін оның негізгі қағидаттарын анықтап алып, оларды дұрыс түйістіру керек.Заңдылық қағидаттары — бұл заңдылықтың мазмұнын бейнелейтін негізгі идеялар, бастаулар.
Міне сондықтан да, әр жердің заңдарға жүгініп, шешім қабылдайтын адамдары мен орындары керек деп есептеймін. Ал сол заңдардың әділетті орындалуы шарт.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- «Егемен қазақстан» газеті
- «Юридическая» газета
- Әлeуметтік желі (vk;ok.ru;facebook)