Құқық қорғаушы кім? автор Серік Әділет

Серік Әділет

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті
Көкшетау техникалық институты,
Курсант 3 курса Кокшетауского технического института КЧС МВД Республики Казахстан

08.01.1998г. Кокшетау, мкр.Коктем 10/5


Қазақстан дамып келе жатқан құқығы тең мемлекет. Мемлекетімздің халқы және бостандығы арнайы бекітілген Конституцияның негізінде жүзеге асады. Құқық қорғау қызметі дегеніміз — заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі арнайы мемлекеттік органдардың қызметі. Бұл қызмет мемлекеттің, жалпы қоғам мен әрбір жеке адамның құқықтары, еріктері мен заңды мүдделерін қорғаудан тұрады. Құқық қорғау қызметі заңды ықпал ету шараларымен заңға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады[1].

Осы бар құндылығымызды қорғап, баптап жүрген қызметкерлердің бірі – құқық қорғаушы болып табылады. Осындай қызметкерлеріміздің арқасында еліміздегі құқықбұзушылық азайып келеді. Баршамыз жеке тұлға ретінде қоғамда бірге өмір сүргендіктен, әр-қайсымыздың өз жеке басымыздың құқықтары бар. Осы құқықтарды біле ғана қоймай, оны қорғау соңғы жылдары ең басты өзекті мәселе болып отыр. Қазіргі дамыған жаһанда бәсекелестікпен келе жатқан додада еліміз адамдарының рухани жаңғыруына ерекше назар аударып келе жатыр. Осының барлығы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендігі. Осындай дамыған заман, дамыған құқықтық-нормативтік актілерді қажет етеді. Әр азамат өзінің құқықтарын білсе, онда құқықбұзушылақ 2 есе азаяры сөзсіз. Еліміздің құқық қорғаушылары ерең еңбек етіп келе жатыр. Солардың қатарында Лұқпан Ахмедьяровта бар.

Ол бала кезінен бері осы мамандыққа ұмтылып, қазіргі кезде өз ісінің хас шебері болып жүр. Оның сөзінше, еліміздегі құқықбұзушылықты рухани жаңғыру аясында адамдармен өткізілетін қоғамдық жұмыстар зор ықпалын тигізеді деп атап өтті. Болашақта еліміздің дамуына зор үлесін қосып жүрген, құқық қорғаушылардың еңбектері орасан зор. Олардың қасында, біз еліміздің құқықбұзушылығы төмен көрсеткіштегі мемлекеттердің қатарына қосу үшін, барлық күш-жігерімізбен, білімімізді жұмсауымыз қажет!


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет. ISBN 9965-36-002-2
Плюсануть
Поделиться
Отправить
Класснуть