Завтра выходит на свободу правозащитник, гражданский активист, участник нашей Коалиции Макс Бокаев. Это большая радость для многих из нас. Многие едут его встречать. Гражданская активность в стране изменилась с 2016 года, когда Макса осудили. В какую страну и реальность он вернется?
Мы от сайта Pana-defenders.info (Коалиция безопасности и защиты правозащитников) сегодня задали такие вопросы его коллегам – правозащитникам, активистам:
- Знаете ли Вы Макса лично, как познакомились или общались, какие чувства Вас сейчас охватывают перед его выходом?
- Какие именно надежды Вы возлагаете на Макса после его освобождения?
- Какие трудности Вы видите для осуществления его деятельности и как можно их преодолеть? Какой главный совет Вы дадите Максу?
- Насколько Макс способен сейчас объединить оппозицию или гражданское общество?
Токжан Кизатова, правозащитник, «сенсэй» для многих активистов Атырау и не только:
1. Макса по правозащитной деятельности знаю давно, около 20 лет. Наш Макс — просто уникальный человечище, невероятная умница, интеллектуал, порядочный, очень честный, ну просто невообразимо честный и принципиальный человек. Меня охватывает чувство радости, конечно. Сегодня с утра встречалась с другими его коллегами, соратниками, коллегами, которые приехали из самых разных городов Казахстана от Петропавловска, Павлодара до Жанаозена, Уральска. Все в приподнятом настроении, завтра будем встречать нашего дорогого друга. Но и чувство тревоги за него есть :(.
2. Надеюсь, что он разберётся во всех хитросплетениях различных провокаций вокруг оппозиционного движения, вокруг него лично и будет дальше тем самым маяком, на который ориентируются все честные и порядочные люди страны.
3. Он будет на особом контроле и, скорее всего, — если ничего не изменится в стране — Макса опять посадят :(. Пока я ему посоветовала бы не спешить с выводами, разобраться во всем досконально, что, конечно же, нелегко будет сделать после столь долгой информационной блокады, выработать четкую стратегию и тактику.
4. Вряд ли именно сейчас, нужно время, но в будущем именно Макс способен объединить и оппозицию, и гражданское общество.
Ринат Рафқат қазақша жауап берді

Макс батырдың (халық батыр атағын 2016 жылы ресми түрде халық берді) бостандыққа шығады деген хабар тарағалы, көптен езілген еңсеміз көтерілгендей болды. Бірақ, бір әттеген-айым бар… Макс босатылып келгенде біз, яғни қоғам болып не көрсете аламыз? Осы мені мазалайды. Атамекен жеріміз аукцион арқылы саудаға салынып жатқанда қабілетсіз үкімет пен президентін қоса кері шегіндірген Макстың айбатын, біз, Макс қамауда болған жылдары ақтай алдық па? Жоқ! Ең болмағанда жер кодексіндегі дау тудырған 4 бапты халық болып алдыра алмадық. Жарияланған 5 жыл мораторийға мәз болып отыра бердік. Осы өкініш күйдіреді мені. Бұл жерде халықты да кінәлай алмаймын. Бірақ, сол кезде жалындап тұрған халыққа «үкімет есігін ашып тұр» деп сендірген жуликтердің кесірі көп тиді. Солардың жылы сөздеріне иланған халықтың айбыны басылып қалды. Осыны сезген үкімет өзі жасақтап жер комиссиясын құрды ғой. Ал, оның нәтижесі не болды? Көріп отырмыз 5 жылға «тайм-аут» ғана берді. Осыған өкінемін…
Ал, шыны керек 2016 жылдың 24 сәуіріндегі Макс пен Талғаттың ұйымдастыруымен өткен митинг елді дүр сілкіндірді, азаматтық қоғамға жан бітірді. Сонымен қатар халықтың белсенділігі оянды. Макс пен Талғатты жазықсыз 5 жылға соттағанда, азаматтық қоғам одан сайын жандана түсті. Шыны керек, бір Макс пен бір Талғатты соттаймын деген жексұрын билік, қоғамға белсенді 1000 Макс пен 100 Талғатты әкелді. Соған қуандым. Халық өз конституциялық құқығын пайдалана білді, үкіметтен өз қақысын талап етуге үйренді. Алайда, осындай бір арнаға біріккен азаматтық қоғам, соңғы 2 жылда тағы да шашырай бастады. Оған басты себеп, құрылып жатқан қозғалыстарға бөлініп кетіп, биліктің арнайы арандатушылары арқылы бір-бірін жамандатып, от тастап азаматтық қоғамды әбден ірітіп жіберді…
Нақтырақ айтсам, Макс — ілгері басқан қоғамға келсе де, бірін-бірі жұлып жеп жатқан қоғамды көреді. Міне, осы жағдай мені күйдіреді.
Ал, 4 сұрақтарыңызға қысқаша жауап берейін:
- Ия, мен Макс Бокаевты 2016 жылға дейін жеке танып білмесем де, сырттай танып-білдім. Әлеуметтік мәселелерді көтеріп жүрген акция, пикеттерін естіп, желіде қолдап көріп жүрдім. 2016 жылы 15 сәуірден бастап Талғат және Әлібек есімді белсенді жігіттермен митинг өткізуге қызу кірісіп кеттік. Сөйтіп 24-ші сәуір күні митинг күні белгіленді. Айтылған уақытта, жарияланған сағатта митинг өтті. Сол митинг күні әдейі Максті Атырау қалалық ПД ұстап отырған еді. Бірақ, халықтың талабымен митинг басталғанда Макс ПД босатылып, алаңға келді. Міне, сонда ғана Максты жүзбе-жүз көрдім. Иық тіресе бірге тұрғаныма қуандым. Талғат пен Макстай азаматтар болғанына риза болдым. Бейбіт түрде өткен митингтен кейін, түскі 5 тер шамасында бірнеше азаматтар болып жиналып, шай ішіп отырып сонда әңгімелестік. Көптеген ақыл кеңестерін айтқан. Жадымда әлі де бір-екі кеңесі қалды. Сол кеңесі маған көп күш берді ғой. Содан кейін жиналып туымызды көтеріп суретке түстік. Міне, сол күні Макспен жеке таныстым. Көп ұзатпай Макс пен Талғатты әкімшілік жазамен қамауға алып, жаза уақыты бітсе де бостандыққа шығармастан қиял-ғажайып «қылмыстық іс» қозғап, қамау мерзімін ұзартып-ұзартып, ақыры сотқа жеткізіп, шығармастан себепсіз 5 жылға соттап жіберді ғой. Содан Макс батыр туралы көп ізденіп, атқарған, көтерген мәселелерін зерттеп шықтым. Сол күннен бастап Макс турал еш ұмытпай, атқарған еңбектерін өзім білгенше, Макстың атын жиі-жиі насихаттай бердім, жаза бердім (мысалы: https://www.facebook.com/rinat.rafkhat/posts/1221390671585133)… Міне, содан бері зуылдап 5 жыл өте шықты. Нақтырақ айтсам әкімшілік қамауға алған 16.05.2016 ж.күннен бастап есептесем, босатылады деген 04.02.2021 ж.күнге дейін нақты 4 жыл 8 ай 18 күн өткен екен. Атырау колониясына ауыстырғанда бір қуансақ, бостандыққа шығады дегенді естіп өте қатты қуандым. Тек, күтіп алуға бара алмағаныма өкіндім (сырқаттанып қалдым)… Бірақ, сәті түскені күні барып көрісетініме сенемін. Бастысы туған-туыс, бауырлары мен анасына оралғанына өте қатты қуаныштымын…
- Макс «тезірек босатылсын» деген үмітіміз болды. Міне, ол үмітіміз де ақталғандай. Тек, барлығын Макске ғана ысырып, арта салмай, Макстың қасынан да бәріміз табыла білуіміз керек.
- Мен Макске кеңес беретіндей дәрежеде емеспін, керсінше Макс браттың кеңесіне едәуір өзім мұқтажбын. Рас, қоғамдағы кейбір оқиғаларға жасалатын сараптауына өте мұқтажбын. Алайда, Максты бостандыққа шығарарда 15 күн бұрын «Қазақстанның сорақы соты» әкімшілік бақылаудың 3 жыл максималды мерзімін тағайындады ғой. Бұл жаза да 5 жылдан кейін темір құрсаудан босатылған Макске өте көп кедергі келтіреді. Нақтыласам «бостандық» дегенге шығарып, енді жіпсіз байлап тастады. Міне, осы шектен тыс тағайындалған жазаны жазатын жерге жазып, айтатын жерге айтып, қалайда алғызып тастауымыз керек деп ойлаймын. Осыны белді адам құқығын қорғау ұйымдарымен бірлесіп қалайда көтеруіміз керек.
- Макс оппозицияны мен азаматтық қоғамды біріктіруге қабілеті бар. Өте терең сараптама жасап білетін азамат ғой. Бірақ, мына қоғамның өзі біріге қояр ма? Бірін-бірі талап жеп, сүйектерін кеміріп жатыр ғой. Осы мен қатты толғандырады. Қазір, қоғамды біріктірмеу үшін биліктің бот-фермалары мықты жұмыс жасауда, бұл біріншіден. Екіншіден жоғарыда айтқанымдай жік-жікке бөлінген қоғамның өзара тартыстары бар. Осыны терең пайдаланатын арандатушылар тағы бар. Олардың басты мақсаттары қазақ қоғамын ешқашан бір тудың астына жинаттырмау. Осыны көре тұра, біле тұра, қиын жұмыстарды тек Макске ысырып салып қарап отырғанымызды өзім келіссіз деп санаймын. Дақ жұқпаған Макске, аттандап жүріп кір жұқтырып алмайықшы деп, бұл қоғамнан кейді расымен қорқамын. Бірақ, кең көлемде әр жағдайды терең сараптайтын Макстің өзі шешеді. Ал, оның ойланып шешкен бастамасын мен әрқашан қолдауға дайынмын.
Бахытжан Торегожина, известный правозащитник
1. Я Макса знаю давно, он мой коллега, правозащитник. Мы пытались во время следственных действий, суда оказывать ему всемерную поддержку. Мы в течение всех эти пяти лет мы высылали постоянно периодически газеты. Наш фонд «Ар. Рух. Хақ» поддерживает всегда Макса. (Фото с сайта Tirek.info) Он мне лично постоянно звонил. Я за это время два раза его посетила. Один раз в Актобе, другой раз в — в Атырау. Какие чувства? Чувство безмерного уважения к этому очень сильному и мужественному чеовеку. Макс Бокаев по-настоящему является Гражданином с большой буквы, у которого есть принципы, понимание закона. Он является символом, каким должен быть правозащитник, он при жизни стал Легендой. Безмерно уважаю и горжусь, что его лично знаю.
2. Я не возлагаю никаких надежд. Макс — сильная личность, он знает, чем будет заниматься. Я, как правозащитник, буду поддерживать его во всем!
3. Ему дали административный надзор на 3 года, понятно, что это будет ограничивать его правозащитную работу. Но Макс — юридически очень грамотный человек. Он сам сможет организовать свою защиту как в правовом поле, так и в общественно-политическом будет отстаивать свои права. Я искренне желаю Максу, чтобы не болел и следил за своим здроровьем!
4. Я не берусь судить, не знаю планов Макса. Я, как правозащитник, поддержу любое решение Макса и буду поддерживать его во всех начинаниях! Макс — это тот человек, которому можно доверять!
Султан Иганович Амиркенов, Член Совета аксакалов Жамбылского областного филиала ЭкоАльянса Байтақ Болашақ
1. Я знаю Макса Бокаева только заочно, по Фейсбук. Очень рад видеть его на свободе и желаю ему в первую очередь поправить здоровье. А дальше он сам знает, что и как делать.
2. Думаю он продолжить свою борьбу против продажи и долгосрочной аренды земель РК иностранцам.
3. Власти страны, органы правопорядка установят круглосуточный контроль за его передвижением, ему будет предписано постоянно отмечаться в органах пробации, его телефоны и ПК будут прослушиваться, как у меня, и ему «посоветуют» больше не заниматься общественной деятельностью, напомнив ему про уязвимость членов его семьи.
4. Думаю ему надо объединиться с другими разрозненными общественниками страны и в первую очередь с Серикжаном Біляшем, которого вынудили отправиться в Турцию, тот сейчас тесно сотрудничает с ООН и администрацией президента США.
Марианна Гурина, ОФ «Улагатты жануя»
Анара Ибраева, ОО «Кадір-қасиет»
1. Да, знаю, не помню: как познакомились. Но очень радуюсь и жду, когда он будет на свободе!
2. Самое главное, пусть будет здоровым.
3. Клеймо экстремиста не позволит полноценно жить, а надзор — свободно заниматься общественной деятельностью.
4. Не знаю, его дело.
Роллан Машпиев, правозащитник из Семея
1. Макса лично не знаю. Рад что он выходит.
2. Он человек сильный и думаю будет дальше бороться.
3.Власть боится его и будет вести надзор за каждым шагом его и любое движение которую сможет повернуть против него будет использовать в карательных мерах.
4.Обедениние оппозиции будет невозможно пока будут работать провластные агенты и тянуть в разные стороны. Даже Макса эти люди завтра перед населением могут показать как провластного, чтобы опорочить его.
Еще будут ответы! А мы уже с нетерпением ждем Макса!
